Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жеке компания басшылары қала тұрғынынан 40 млн теңге бопсалаған

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2022
  • 1682

Елордада жеке компания басшылары  қала тұрғынынан    40 млн теңге бопсалаған. Полиция мәліметінше, олар алғашқыда 31 жастағы әйелді "интимдік жазбаңды жұртқа таратамыз" деп қорқытып,  оның 15 миллион теңгеден астам қаражатын қалтаға басқан.  Онан кейін де қоймай, бопсалауды жалғастырған. Жәбірленушінің арызы негізінде күдіктілер жұмыс орнында ұсталды. Олардан 2 миллион теңге  тәркіленген. Енді бұл іске қатысты   сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Эльмира ШӘУЛЕНОВА, АСТАНА қ. ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Екі азамат одан 15 млн теңге көлемінде қаражаттың бір бөлігін алып қалған ақшаны бопсаламақшы болған.  Қазігі уақытта Астана қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері екі адамды ұстады.

Ә. Дүкембаева