Русский Сайттың толық нұсқасы

"Президент жолдауы - Жаңа Қазақстан құрудағы бір қадам",- зиялы қауым

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2022
  • 1633

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында сапалы білімге қатысты мәселе  көтерді. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін екенін айтты. Сондықтан білімді үнемі жетілдіріп тұрған жөн деді. Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы  бұл өте өзекті мәселе екенін айтады.  

Амангелді АЙТАЛЫ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Біздің көптеген экономикалық саяси мәдени мәселелерімізді шешетін, ол мамандар сол мамандарды өзінің біліміне қарай жұмсау, пайдалану қажетті болған жағдайда олардың жұмысқа орналасуын бақылау, тіпті міндеттеу, себебі олар қаржымен оқыды ғой, ол үлкен бір мәселе болып отыр. Сондықтан Президенттің жолдауын іске асырғанда осы мәселені тиянақтау, өте қажет деп ойлаймын.

Ал қызылордалық ардагер Тұрғанбай Маханов Президенттің жолдауы Жаңа әділетті Қазақстан құрудағы   бір қадам екенін айтады.  Жолдауда ұсынылған әрбір реформа –   елдің жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін прогрессивті әрі уақытылы қолға алынған шара дейді.  

Тұрғанбай МАХАНОВ, АРДАГЕР:

Осы жолдауда ең бірінші халықтың хал-ахуалын көтеру мәселесі көтерілген. Соған байланысты көптеген сұрақтарға жауап қайтарылған. Ең шешуші мәселе бір-ақ мәрте сайланады. Екінші мәрте сайланбайды деген. 7 жыл отырып басқа бір адамға беріп жатса, мемлекеттің өсіп-өркендеуіне себебі сөз жоқ тиеді.

Ә. Дүкембаева