Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұлы Дала Жорығы" марафон-бәйгесіне қатысушылар Түркістан облысына аялдады

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2022
  • 1110

"Ұлы Дала Жорығы" марафон-бәйгесіне қатысушылар  Түркістан облысына  аялдады.  Шабандоздар 900 шақырымды артқа тастап,  күндік межені асыра орындады. Маңғыстау командасы Ақтөбе шабандоздарын қуып жетсе, Алматы шабандоздары жарыстан шығып қалды. Ақтөбе командасы 77 сағат 21 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Маңғыстау шабандоздары 77 сағат 31 минутта мәреге екінші болып жетті. Ал Жетісу облысының командасы 79 сағат 52 минутта үшінші болып келді. Қазір жарыс сапында 8 командада  25 жүйрік бар.  Бүгін  марафоншылар оныншы кезең айналымына жолға шықты.  

Арман АБДОЛЛАЕВ, "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" МАРАФОНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Көш соңында Абай облысының шабандоздары келеді. Осымен жарыстың ең маңызды бөлігі артта қалды. Алда тағы 300 шақырым еңсерсек бәйге өз мәресіне жетеді.