Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас Прокуратура Мәсімов ісіне қатысты түсінік берді

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 1665

"Барлық күдікті қамауда, ешкім жасырынған жоқ".  Бас прокуратура Мәсімовтің ісіне қатысты түсінік берді. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев  Мәсімовтің ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатқанын, оған "құпия" деген гриф берілгенін атап өтті. Яғни материалдар жария етілмейді деді.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ешкім ешқайда кетіп, жасырынған жоқ. өздеріңіз білесіздер, іс аяқталды. Ол туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін айтқан еді. Енді іс материалдарымен танысу басталды.

Ал Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жақында шыққан сот шешімінен бөлек, басқа да істер тергеліп жатқанын мәлімдеді. Ал, ағайынды Нығматулиндерге қарсы іс қозғалмаған.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жүргізді. Тек екі эпизодты қарады. Өзіңіз білетіндей, шамамен 42 млрд теңгедей екеуіне материалдық зиян келтірілген. Сол екі эпизод қана қаралды. Басқа істер қазір тергеу барысында.

А. Задабек