Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда адамдарды "жұмысқа тұрғызамын" деп алдап соққан алаяқ ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 965

Атырауда адамдарды ірі кен орнына жұмысқа тұрғызамын деп  алдап соққан алаяқ ұсталды. Ол әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздеп жүргендерді құрығына түсіріп отырған.  Жалақысы жоғары қызметке тұрғысы келіп, алданғандар  саны - 20-ға жуық. Олардың барлығы – Түркістан облысының азаматтары. 32 жастағы күдікті биыл наурыз айынан бері осылайша  3 млн-дай теңгені қалтаға басқан.  Қулығына құрық бойламайтын  жігіт бұрын да  дәл осы «Алаяқтық» бабымен шартты түрде сотты болған көрінеді. Алайда  одан  сабақ алмағанға  ұқсайды. Оңай олжаға кенелмек болған  ол қазір уақытша тергеу абақтысында отыр.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

20-ға жуық азаматты жалақысы жақсы жұмысқа орнастырып беремін деген күдіктіге қатысты қазіргі таңда Қылмыстық Кодесктің190-бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған күдікті  32 жастағы Атырау қаласының тұрғыны.

Б. Надірқызы