Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде екпені алмастырып жіберген медбикеге қатысты тексеру басталды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 1422

Ақтөбеде бірінші сынып оқушыларына қателесіп манту сынамасының орнына бцж екпесін салған медбикеге қатысты прокуратура тексеріс бастады. Екі  комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші комиссия-  Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен түрлі сала дәрігерлерінен  құрылған, екіншісі- тәуелсіз комиссия.  Оның құрамына тәуелсіз сарапшылар мен  екі ата-ана кіреді.  

Рүстем ИСАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Человеческий фактор ғой. Хотя ампулалар разный. Манту ампула ол басқа кішкентай, ампула ол жидком состоянии сұйық. БЦЖ ол порошок араластыру керек. Енді қателік жасалды.42 балаға салынды. Қарамаған ғой. Прокуратурамен уголовное дело ашылды. Соның шешімін күтеміз.

Балалар қазір дәрігерлердің бақылауында. Ал осы күнге дейін жеке клиникаға қарасты болған мектеп  Қарғалы аудандық ауруханасының құзырына берілмек.  

Б. Рақметова