Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке үміткерлер лингвистика комиссиясының алдында қандай сынақ тапсырады?

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2022
  • 763

Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауына түсетін кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құру туралы қаулы қабылдады. Оған сәйкес, үміткерлердің қазақ тілін қаншалықты білетіні кемінде 5 адамнан құралған  лингвистикалық комиссия қорытындысымен айқындалады.

Орталық сайлау комиссиясы хатшысының айтуынша, кандидаттарға емтиханға дайындалу үшін жеткілікті уақыт бөлінеді. Мәселен, жазбаша тапсырмаға кем дегенде 1 сағат және көпшілік алдында сөйлеу үшін 15 минуттан 1 сағатқа дейін беріледі.  

Мұхтар ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау үшін бірінші, лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі 2 беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазады. Екінші, лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі 3 беттен аспайтын мәтінді оқу. Үшінші, лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында 15 минуттан кем емес уақыт сөз сөйлеу талап етіледі.


Қ. Мерей