Русский Сайттың толық нұсқасы

"Республика күніне" ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2022
  • 1381

25 қазан күні Республика күні қайтадан ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңға қол қойды.    Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.  Сондай-ақ, мерекеге байланысты демалыс күндерін ауыстыру мәселесі жайлы үкімет қаулысының жобасы әзірленді. "Бұл күн биыл сейсенбіге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында  демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланып отыр.    Демалыс күнін ауыстыруға қатысты қоғамдық талқылау 12 қазанға дейін жалғасады. Қаулыға өзгеріс енгізілсе, қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн яғни 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі толық жұмыс күні болады.

А. Серік