Русский Сайттың толық нұсқасы

"Президенттің өкілеттігін жеті жылға ұзарту - Әділетті Қазақстан құрудағы маңызды қадам",- қоғам белсендісі

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2022
  • 1002

Қоғам белсенділері Президенттің өкілеттігін жеті жылға ұзарту Әділетті Қазақстан құрудағы маңызды қадам дейді.  Жолдаудың әр  бағыты көкейдегіні дөп басады деген олар, ол міндеттер орындалса әлеумет   әлденеді, экономика да табысты болады», - дейді.

Талғат МЕҢДІБАЕВ, «КІТАП ҚҰРТТАРЫ» КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Жолдауда елде болып жатқан түйткілді мәселелердің басын шарпып өтті. Кейбір мәселелердің шешімін табатындай да тетіктерін айтып өтті. Ал, сайлауға келетін болсақ сол кезде айтылған, уақыт және қаражат үнемдеуге келген кезде бір мерзімге жеті жыл деген ол жақсы.

«Әйел тек қызметкер емес, балаларына ана, жолдасына жар. Қоғамда оларға  артылатын жүк ауыр.  Сондықтан нәзік жандылардың  61 жастан бастап, зейнетке шығуы құптарлық жәйт» – зиялы қауым өкілдері.

Марат ӘЙТІМОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Әйелдер олар тек қана жұмысшы ғана емес, олар отбасына да қарау керек. Олардың мойнында қиыншылықтар өте көп. 61 жасында шықса, олардың демалысына, денсаулығына, отбасы мүшелеріне қарауына әлде қайда көп мүмкіндік туар еді деп ойлаймын. Бұл өте қуантатын жәйт.

А. Задабек