Русский Сайттың толық нұсқасы

Прокурорлар кәсіпкерлерге салынған 1,5 млрд теңге айыппұлды негізсіз деп тапқан

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2022
  • 1341

Прокурорлар 1,5 жылдың ішінде кәсіпкерлерге салынған жалпы сомасы 1,5 млрд теңге болатын айыппұлды негізсіз деп тапқан. Мұны Бас прокуратура өкілі, бизнес өкілдерімен кездесуде айтты.  Сондай-ақ кәсіпкерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істер саны 4 есе азайған.  Құзырлылардың мәліметінше бұрын 150-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде жемқорлық мәселесі жиі кездескен.

Дегенмен заң бұзған кәсіпкерді түрмеге қамамай, еселенген айыппұлмен жазалау керек, дейді кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілі.

Рустам ЖҮРСІНОВ, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Жазықты кәсіпкерлерді түрмеге қамаудан гөрі айыппұл арқылы көбірек жазалау керек деп санаймыз. Заңды бұзған екен, зиян келтірген екен –қылмыстық жолмен тапқан пайдасынан екі-үш есе көп айыппұл төлесін. Есесіне кәсіпкер бизнесті абақтыға айырбастамай, жұмыс орындарын сақтайды, салық төлеп, қоғам мен мемлекетке пайда әкеледі.

Сондай-ақ, Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев теміржол тұйықтарының тарифі қалай негізсіз қымбаттағанын айтты. Олар әр шақырымға 2400 теңгеден алып отырған дейді.

Жандос ӨМІРӘЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қазақстан теміржолы» аясында «ЦТС» акционерлік қоғамына қатысты іс бар. Олардың иелігінде 300-ден астам теміржол тұйығы болған. Солар арқылы кәсіпкерлерге тым қымбат көрсетілді. Әрине, ол кәсіпкерлерге қолайсыз болды. Тексеру барысында тарифті де түсірдік, аталған теміржол тұйықтарының бәрін мемлекетке қайтардық. Қазір олардың тарифі 13 есе арзан. Яғни, бұрын әр шақырымға 2400 теңге болса, қазір 169 теңгеге дейін түсірілді.


Ә. Дүкембаева