Аманаттықтар саяси тұғырнама жобасын талқылауды жалғастыруда. Партияның14 мыңнан астам мүшесі аумақтық филиалдардағы 225 конференцияға қатысты. Сондай-ақ, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтетін жиындарға қатысу үшін делегаттар сайланды.
Елорданың 4 ауданында өткен конференцияларға 275 адам қатысты. «Бірлік» филиалының хатшысы Қарлығаш Кәкен партиялықтардың басым бөлігі Саяси тұғырнаманың жобасын қолдағанын айтады.
Қарлығаш КӘКЕН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БІРЛІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Бүгін біз өте белсенді талқыладық. Мені қуантқан факт – біз ұсынған барлық ұсыныстарымыз қабылданды. Бұл істің нәтижелілігін көрсетеді.
Нағима ИРИСБЕКОВА, «ИНЖЕНЕРЛІК ОРТАЛЫҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Саяси тұғырнамада қарастырылған ең басты – отбасына, балаларға немесе аналарға қарастырылған міндеттер өте маңызды деп ойлаймын. Себебі, Отан – отбасыдан басталады.
Ал Шығыс Қазақстан облысындағы 11 аумақтық конференцияға барлығы мыңнан астам партия мүшесі жиналды. Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, ақын-драматург Әскерхан Хуанбайдың айтуынша, халқымыздың тарихы, тағдыры мен келешегі туған тілімізден тамыр тартады.
Әскерхан ХУАНБАЙ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, АҚЫН-ДРАМАТУРГ:
Партияның тұғырнамасында көтерілген тағы бір мәселелер – мына қазақтың ұлттық құндылықтары. Салт-дәстүрмен қатар мына Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру, жаппай қолданыс аясын кеңейтуге басымдық берілген. Жалпы, халықтың көкейіндегі мәселелер деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы күн сайын қанатын кеңге жайып, жақсарып келе жатыр.
Жаңа саяси тұғырнаманың мүмкіндіктерін жастар да сөз етті. Павлодар облысындағы 13 аумақтық филиалдың жиналысына партияның 842 мүшесі қатысты. «Жастар Рухы» жастар қанаты талқылауды «миға шабуыл» форматында өткізді.
Санира ЖҮСІПОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жастардың жаңа форматында «Брейн шторм» өткізіп, өзіміз бірнеше қамтыдық. Сонымен қатар, жастардың ең ұнаған мәселелер ол – осы құжатта көтерілген барлық сауалдардың шешу жолдары бар. Сонымен қатар, ең негізгі – адами ресурс капиталы қозғалды. Және жастардың бағыттары бар.
Ал Батыс Қазақстанда өткен жиында партияның 700 мүшесі бас қосты. Тұғырнама саяси диалогты нығайтуға жаңа серпін береді деп қорытынды ой түйді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын және Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынын айтты.
А. Серік