Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2022
  • 1076

Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар да сайлауға қатыса алады. Ол үшін орналасқан жері бойынша әкімдіктерге өтініш беруі керек. Орталық сайлау комиссиясы бүгін қазақстандықтарға үндеу жасады. Сайлаушылар тізіміне енгізілу - сайлауға қатысуға конституциялық құқық береді. Дауыс беруге қатысушылардың тізімін, жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер жасайды. Комиссияның мәліметінше, дауыс беру күні тіркелген учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат, 1 ай бұрын әкімдікке өтініш беріп қоюы керек. Өтініш түскен бойда, оны әкімдік тіркелген жерінен шығарып, дауыс беретін учаскесіне енгізеді. Бұл әдісті - басқа қаладан келген, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттерге, вахталық жұмыс істейтін азаматтар да қолдана алады. Қай жерге тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты әкімдіктің сайтынан немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады. Бұл мүмкіндік 4 қарашадан бастап іске қосылмақ.

А. Базарбай