Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары мерзімге сай жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2016
  • 2591

Астанада «Нұрлы жол» бағдарламасымен тартылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар мерзімге сай жүріп жатыр. Бюджет қаржылары дер кезінде бөлініп, тиісті түрде игерілу үстінде. Инфрақұрылымдық нысандардың құрылысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков осылай деді.

Республикалық бағдарлама аясында салынып жатқан нысанардың құрылысын бақылау үшін, партия өкілдері арнайы рейдке шықты. Бірінші болып Жұмабаев көшесінің бойына тұрғызылып жатқан 1200 пәтерлік 8 тұрғын үйдің инфрақұрылымымен танысты. Үйлер дайын, енді «Нұрлы жол» аясында инженерлік және абаттандыру жұмыстарына 800 млн теңге бөлінген.

Ержас Айтуғанов, Астана қалалық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары:

800 млн қаржы қаралған. 500 млн игерілді. Осы жылдың қыркүйек айының аяғына дейін үйлердің құрылысы да аяқталады, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталу керек. Бүгін «Нұр Отан» партиясынің бірінші орынбасары өзі келіп тексеріп, қандай қиын сұрақтар бар, шешімін айтып, өз бақылауына алып кетті.

Партиялық комиссия аралаған одан кейінгі нысандары - Тілендиев пен Сығанақ көшелері аралығындағы жылу құбыры мен Ильинка ауылындағы жеке тұрғын үйлерге тартылып жатқан инженерлік желілер. Бұл нысандар да мерзімінде жүргізіліп жатыр. Партиялықтар қаржының игерілуі де жоспарға сай екенін атап өтті. Айта кетерлігі, 25 шақырымдық трассаға созылатын жылу құбыры жылуды ЭКСПО көрмесіне жеткізеді. Сондықтан маңызды нысанның құрылысы ерекше назарда.

Еділ Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бізде 4 комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның ішіне мәслихат депутаттары кіреді. Және "Нұр Отан" фракциясының депутаттары кіреді. Барлық жұмыстар бақылауда тұр "Нұр Отан" партиясында. Ай сайын осы график бойынша біз тексеріп тұрамыз - жұмыстар қалай жүріп жатыр, ақшалар қалай енгізіліп жатыр, ақша бар ма. Қазіргі уақтыта барлық ақша барлық объектілерге жетіп жатыр.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ