Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыртқы істер министрлігі кеңес береді

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2022
  • 2249

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы - Ресей – Украина қақтығысына араласпайды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Қазақстан - халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тұтастай алғанда, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағы, ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтары мен нақты белгіленген және ұжымдық Қауіпсіздік осы аумақ ішінде қамтамасыз етіледі. Осылайша ҰҚШҰ-ның ресейлік-украиндық қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде жоқ.

Ресейді тұрып жатқан қазақстандықтарда әскерге шақырту алған. Мұны Сыртқы Істер Министрлігі растады. Ол мұндай жағдайда әскери комиссариатқа немесе елшілікке хабарласуға кеңес береді. Оның сөзінше, ақпараттық базаларда сәйкессіздіктер бар. Еске сала кетейік, Санкт-Петерборда тұратын 31 жастағы Қазақстан азаматы, Ресейдегі мобилизацияға байланысты әскери комиссариатқа шақырту алған.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Отандасымыз Ресей аумағында болса, сол жақта уақытша тұруға рұқсат алған болса, ол құжатын әскери комиссариатқа көрсете алады немесе Қазақстан елшілігіне жүгінсе болады.

Ә. Дүкембаева