Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңыр қаласы тұсында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2022
  • 3042

Самара-Шымкент тас жолының Байқоңыр қаласы тұсында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты.  Оқиға түнгі 3 жарым шамасында болған. Аралдан Қызылордаға бағыт алған автобус пен «Тайота» маркалы автокөлік соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көлік жанып кеткен.

Ақылбек ӘМІРБЕКОВ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

«Тайотадан» 3 жолаушы, автобустан 2 жолаушы қайтыс болып, қайғылы жағдай орын алып отыр. Құрметті тұрғындар, автокөлік басқарғанда жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа шықпай, басып озу кезінде жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз.

Жантүршігерлік жол апатынан тағы 4 адам жарақат алған, олар    Байқоңыр қаласындағы ауруханаға жеткізілді.  Полиция департаментінің мәліметінше, апатқа кінәлі тұлғаны анықтау мақсатында арнайы сараптама тағайындалған.  Қылмыстық кодекстің «автомобильді басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» дерегі бойынша іс қозғалды. Ресми ақпарат бойынша, Самара-Қызылорда тас жолы бойында жарты жылда   27 жол көлік оқиғасы болған. Салдарынан 22 адам көз жұмып, 43 адам жарақат алған.

М. Тоқтасынқызы