Русский Сайттың толық нұсқасы

"5 млн 100 мың теңге беріп қойдық", -Шымкент тұрғыны

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2022
  • 3298

Мемлекеттің миллиондарын жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері алып келген бе? Шымкентте бір топ тұрғын орталықтың өкілдеріне кінә артты. Айтуларынша,  қайтарымсыз грант пен атаулы әлеуметтік көмектен дәмелілер  әкімдікке қарасты мекеме қызметкеріне ақшаны санап беріп, еселеп қайтарып алуға  уағдаласқан. Туған-туыс, дос-жаранымен бірге кемі 500 мың, ең көбі 10 млн теңгеге дейін аударғандарын айтады. Бұл не қылған батпан құйрық? Жауаптылардың уәжі қандай?  Әріптесім Айзада Төребекқызы тарқатып айтады.

 
Жұмыспен қамту орлығына кеп шу шығарған бұл топ  алмаған ақша үшін жауап береміз бе деп шырылдайды.  Айтуларынша, олар қолма қол берген ақшаңды еселеп қайтарамыз деген орталық қызметкерінің сөзіне сенген. Бала-шағаның аузынан жырып берген теңгені қайтармақ түгілі,  қарызға белуардан баттық дейді.
 
Гүлжан САРҚҰЛОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Продуктіден қиналсам да қойш деп бердім. Бергенім 120 мың теңгем әлі міне желкемнен шығып әлі жоқ. Тасбақа да жоқ. Еміме де ақша жоқ. Біздің ақшамыз қайда?! Жауап берсін. Сонша миллион ақшаны қайда жібереді ол қыз?     
 

Алдандық дегендер   уәде еткен қыздың орталықта жұмыс істейтіне әуелі көз жеткізіп алғандарын айтады. Кейбіреулер   ақшаны шығарып алған  да көрінеді. Бұл да бір дәлел дейді.  
 
Гүлвира ДӘУЛЕТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің туған-туысқан, кластастар, таныстар жалпы қосылып қазір 5 млн 100 мың ақша аударып беріп қойдық. Февральдан июльге дейін. 500 бересің 5 млн-дық грант аласың. 150 мың бересің, 1 млн 225 мың грантты аласың. Логично ойласақ бастық қол қоймай ешқандай ақша бөлінбейді.


Шуласқан топ айран ішкеннің құтылып, шелек жалаған тұтылдының кері болып отыр дейді. Өйткені орталық қызметкері жұмыстан босатылған көрінеді. Оның үстінен іс қозғалған. Жұмыспен қамту орталығы директорының мәліметінше, істі болған адам -атаулы әлеуметтік тағайындау бойынша азаматтарға кеңес беріп жүрген ассистент.    

Шахдат ӘСЕТҰЛЫ, ШЫМКЕНТ қ. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сүтімбетованы кінәлі деп танығандықтан осындай заңсыз әрекеттер жасағанын білдік. Бұл қай уақыттан бері жасалып келе жатқанын қазір белгісіз маған. +Ішкі тексеру жүргіздік. Азаматтардан жауаптарының бәрін алдық. АСП алушы азаматтардың тізімін қарағанда ешқандай азаматтар біздің ақпараттық жүйе арқылы өтпеген.
 
Қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры өзінің орынбасарының бұл былыққа қаншалықты қатысы бар жоғын білмеймін деп ақталды. Сөзіне сенсек, ол тамыз айынан бері жұмыста жоқ. Өз еркімен жұмыстан кеткен көрінеді.
 
А. Төребекқызы