Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2022
  • 1015

Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау орталықтары ашылды. Жоба университет қауымдастығының мәселелерін анықтауға және кері байланысты қамтамасыз етуге арналған.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын үкімет» концепциясына сай жасақталған. Қоғамдық қабылдау кеңселеріне өтініш-шағыммен ғана емес, тың идеялар ұсынуға да болады. Сонымен қатар, оқу ғимараттарынан бөлек, жатақханаларға да виртуалды «Сенім жәшігі» орнатылды, QR кодты сканерлеп, фото-видеоларды жүктеуге жағдай жасалып отыр.  

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Жатақхана, инфрақұрылым, білім сапасы – сол мәселелердің бәрін енді студенттер бір жерге барып, бір жерден шеше алады. Оның алдында көбісі ректорларға жазылады. Проблемаларын шеше алмай жүретін еді. Ата-аналар келеді, кімге, қашан барам деп бір адамға ұмтылатын еді. Енді осындай арнайы институтционалды механизм арқылы біз студенттердің, оқытушылардың, тұрғындардың проблемаларын бір жерден шешуге тырысамыз.

Б. Сатуов