«Қазақконцерт» ұжымы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған бағдарламамен еліміздің түкпір-түкпірін аралауда. Өнерпаздар бұл жолы әншінің туған жері-Қызылордада болып, әннен шашу шашты.
Көзі тірісінде аты аңызға айналған Роза Тәжібайқызы майдан даласында ән салып, әсем даусымен бүкіл әлемді тамсандырды. Талантымен қазақ өнерінің ұлылығын паш етіп, абыройын асқақтатты. Бағланованың ізін басып, өнерін жалғастыру мақсатында «Қазақконцерт» ұжымы жер-жерді аралауда. Бірақ, бұл жолғы сапар бұрынғыдан өзгерек.
Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, РОЗА БАҒЛАНОВА АТЫНДАҒЫ "ҚАЗАҚКОНЦЕРТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Тұңғыш және бірегей «Астана мюзикл» атты мюзиклдың театры бар. Соған Боза Бағланова атты мюзиклдің премьерасын жасап, бүгінгі күнде Сыр өңіріне премьераларын көрсетуге дайындалып жатыр. Бағдарламамыз Роза апайымыздың 100 жылдығына арналған.
Бағдат СӘМЕДИНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:
Осыдан бұрын Ұлытау, Жетісу, жаңа құрылып жатқан Қонаев, осылардың барлығында болдық. Енді Алматыда болады алдағы уақытта. Біз енді қуаныштымыз. Сыр еліне, жыр еліне келіп, апамның туған жеріне келіп, тағзым етіп, апамның туысқандары ғой енді, жерлестерімен тағына да қуанышпен қауышып жатқанымызға.
Мұндай шара облыс орталығында ғана емес, шалғай аудандар да болады. Роза Бағланова қазақ әнінің бұлбұлы ретінде ешқашан ұмытылмайды. Оның ешкімге ұқсамайтын дауысы мәңгі есте қалмақ.
Айдана СҰЛТАНХАНҚЫЗЫ, КӨРЕРМЕН:
Өнер майталманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған керемет кешке келдік, көрермен ретінде. Барлық ұйымдастырушыларға көптен көп рахметімізді айтамыз. Қазақтың өнер саласының әншілері келіп, өнерлерін паш етіп жатыр. Біз сусындап, керемет көңіл-күй алып жатырмыз.
Роза Бағланованың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде Париж төрінде де тойланады.
М. Тоқтасынқызы