Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы неше облысында жастардың 10 %-ның не білімі, не жұмысы жоқ

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2022
  • 989

Не білімі, не жұмысы жоқ жастардың дені Ұлытау облысына көп. Тізімді Шығыс Қазақстан, Қарағанды өңірлері жалғайды. Мұны Finprom.kz агенттігі жариялады. Аталған аймақтарда бос орын көп, бірақ жастардың талабы мен жұмыс берушілердің сұранысы сәйкес келмейді. Жұмысқа құлықсыз жастарды қайтсек азайтамыз? Тілшіміз жауап іздеді.

Дулат – қолында дипломы бар экономист. Бірақ жұмыссыз. Ата- анасының табысына қарап отыр. Қара жұмысқа барғысы жоқ. Ол қомақты жалақы, жылы креслоны армандайды. Алайда тәжірибесі жоқ маман, арманына қол жеткізе алар емес.

ДУЛАТ:

Жұмысқа тұру өте қиын. Өйткені, опыт жоқ дегендей, бір жерге барсаң опытың бар ма деп сұрайды. Немесе таныссыз алмайды. Мысалы, менің стройкаға барғым келмейді бір жақсы жерге кабинетный жұмыс дегендей сондайға барғым келеді, жақсы зарплатасы бар.

Дулат секілді жастарға жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары көмектеседі. Бір ғана Қарағанды облысында жыл басынан бері осы орталық арқылы  9 мыңға жуық жас жұмыс тапқан. Қайта оқытады, бизнес ашуға гранттар ұсынады. Жас мамандарды тәжірибеден өткізетін компаниялар іздейді.

Қаламқас ҚАДІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмыс жоқ деп айтуға болмайды. Өйткені жұмыс бар. Қазірдің өзінде еңбек биржасында 1200 бос орынға бос лауазымның бізде вакансиясы тұр Сұраныс пен ұсыныстың бір- біріне сәйкес келмеуі бар. Адамның ішіндегі көңілі желаниесі басқа саланы игергісі келіп тұрса ал еңбек нарығында ол берілетін ұсыныстың бағыты басқаша.

Алайда орталыққа да келмейтін құлықсыз жастар бар екен. Ондайларды қоғамда NEET жастар деп атайды. Яғни бұл термин «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын,не өз алдына кәсібі жоқ адам» дегенді білдіреді. Finprom.kz агенттігі арнай зерттеу жүргізген. Жұмысқа құлықсыз жастардың дені Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынада көп екен. Бұл өңірлердегі жастардың 10 %-ның не білімі, не жұмысы жоқ. ТІЛШІ. Мамандар жұмыс таппай жүрген жастарға сұраныстағы мамандықтарды меңгеруге кеңес береді.

Қаламқас ҚАДІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сұранысқа ие нағыз мамандықтар ол тігінші, слесарь кәдімгі қол жұмысының мамандары дейміз ғой. Орта білімді, сондай мамандықтарға сұраныстар өте көп. Оларға қайта оқыту оларды қайта бағдарлау дегендей іс шаралар атқарылып жүзеге асырылады.

Зерттеу нәтижесі бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында елде білімі бар 15 пен 28 жас аралығындағы жастар саны 3 млн 240 мың адамды құрады. Оның 1 млн 81 мыңы жұмысқа жарамды.  

А. Қуаш