Ертең, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді. Онда партияның алдағы XXIV Съезінің күн тәртібін бекіту жоспарланып отыр. Бүгін кеңес отырысына шақыру туралы қаулы жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, Съезд жұмысына партияның өңірлік филиалдарындағы 20-шы конференцияның қорытындысы бойынша сайланған 700 делегат қатысады.