Бүгін Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдап, Жер реформасы жөніндегі
комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды. Кездесу барысында Үкімет
басшысы президентке ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері,
басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы
жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы жыл
соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін
атап өтті.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жылдың
қорытындысы бойынша экономиканы оң көрсеткішке жеткізу, төмендетпеу.
Алдымыздағы келе жатқан орақ, астық жинау мәселесіне көңіл бөлу. Қысқа дайындық өз
алдына. Алдымызда тұрған ЭКСПО-ға дайындалу. Содан кейін ауыл шаруашылығы
жөнінен Жер туралы заңның жұмыс істеп жатқан комиссияның жұмысын аяғына дейін
бітіріп, компромистік мәселеге келіп, ол мәселені аяқтау керек.
Кәрім
Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
Тиісті
министр, әкімдермен жұмыстар жүріп жатыр. Сіздің тапсырмаңыз бойынша мен
аймақтарды аралап жүрмін. Кездесулердің соңында Үкімет отырысында сіз қойған
сұрақтар, тапсырмалар бойынша есеп дайындаймыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ