Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда орманнан 7 жасар қыз бала мен оның анасының мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2022
  • 1816

Қарағанды қаласының маңындағы орманнан 7 жасар қыз бала мен оның анасының мәйіті табылды. Анасы мен қызы осыдан екі аптадай бұрын кенеттен жоғалып кеткен. Олардың денесін кездейсоқ адамдар тауып алып, полицияға хабарлапты. Марқұмдардың кісі қолынан жапа шеккені анықталды. Алайда қандықол қылмыскердің кім екені белгісіз. Мәйіттер 5 күн бойы орманда жатқан. Марқұм әйелдің ата- анасы жоқ. 84 жастағы көзі көрмейтін зағип әжесі ғана бар көрінеді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталған.

А. Қуаш