Русский Сайттың толық нұсқасы

Теракт кезінде жалған ақпарат таратқандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2016
  • 3424

Алматыдағы атыс кезінде әлеуметтік желі арқылы қауесет таратқан екі азамат ұсталды. Олар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Қазір олар түсінік беріп жатыр. 100 қарулы адам жұртқа оқ атып жатыр деген ақпаратты 1993 жылы туған алматылық таратқаны белгілі болды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Жұлдыз ықшамауданында 100-ге жуық қаруланған адам адамдарды өлтіріп, қырып-жойып жатыр деген ақпарат таратты. Қазір сұрастыру  барысында, бұл ақпаратты маған танысым берді деп, әлек айтуда. Бұл  заңғы қайшы әрекет.

Ал «Сити Плюс» сауда үйін лаңкестер басып алды деп жалған ақпарат таратқан 1995 жылғы студент қыз істеген ісі үшін өкініп, жұрттан кешірім сұрады.

«Мен Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған ақпарат тексерілмеген еді. Ақымақтық танытып, оны желіге салып жібердім. Жасаған қылығыма қатты өкінемін. Кінәмді мойындаймын. Енді бұл қайталанбайды. Мені кешіріңіздер».


Полиция жалған ақпарат таратқандарды іздеу ісін жалғастырмақ. 

Айгүл ЕРМАХАН