Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің «Жаңақоныс- 4» ауылының тұрғындары үйлерге газ қосуды талап етті

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2022
  • 1742

Ақтөбенің іргесіндегі «Жаңақоныс -4» елдімекенінің тұрғындары төрт жылдан бері газсыз отыр. «Билік өкілдері уәде берді. Бірақ сөзінде тұрмады» деп ашуланады жұрт. Бұған дейін талай табалдырықты тоздырып, нәтиже шығара алмаған олар бүгін облыс әкімдігіне келді.

«Жаңақоныс -4» елдімекенінде бір жарым мың үй бар. Оның 100-ден астамы былтыр көшіп келген. «Қыста қиын болды» дейді. Биыл да суық үйде бүрсеңдеп қаламыз деп алаңдаған жұртшылық әкімдікке келуден басқа амал қалмағанын айтады.

Әділхан ӘНЕШОВ, «ЖАҢАҚОНЫС-4» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барлығымыздың отбасымызда кішкентай балалар бар. Ана жақта тұру қазірге мүмкін емес. Үйлеріміз салқын. Былтыр тұрып шыққан адамдар болды. Электр қуатымен отырды, айына 100 мыңдап, 200 мыңдап ақша кетті.

Жәния ЕРНИЯЗОВА, «ЖАҢАҚОНЫС-4» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Былтыр қыстадым. Қазақша пешке от жағып шықтым. Ол выход емес. Менің кішкентай балам бар. Былтыр немерем балам барлығымыз больницаға жатып шықтық. Биыл тағы солай болса, тіршілік болмайды уже. Міндетті түрде газ керек. Қасымызға келіп тұрған газды қоспай отыр.

Бұған билік өкілдерінің айтар жауабы дайын. Ауылға газ тарту жұмыстары тоқсан пайызға бітіп тұр дейді. Бірақ екі жүзге жуық газ бақылау пункттерінің орнатылмауына байланысты шаруа тоқтап қалған.

Әділбек ТАНКИЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

200 ГРЧП қазір жетпей тұр. Ресейдегі шиеленіс жағдайларына байланысты келулері қиындық жағдай болып жатыр. Тексеру жұмыстарын жүргізді. Ол өтті. Енді 200 ГРПЧ қалып тұр. Оны келер аптаның жұмасына дейін бітіреміз.

Шенеуніктер мәселе келер аптада шешіледі деп сендірді. Қазан айының 15-іне дейін барлық үй көгілдір отын желісіне қосылады.

Б. Рахметова