Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2022
  • 1605

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болған Марат Шайхутдинов, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталды. Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, экс-шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Еске салайық, Марат Шайхутдинов биыл наурызда Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Оған тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деген айып тағылған болатын.