Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда оқушыларға шабуыл жасағандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2022
  • 1490

Алматыда мектептен шыққан балаларға шабуыл жасағандар ұсталды. Олар оқушылардың ұялы телефондары мен ақшасын қолды қылған. Арада бір жарым сағат өткен соң 41 жастағы ер адамды тонапты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті үш жігіт ұсталды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұялы телефон, құжаттар айғақ зат ретінде тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ұсталған адамдардың жеке басын, осыған ұқсас басқа да деректерге қатысы бар-жоғын міндетті түрде тексеретін боламыз.

М. Жақан