Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалғыз ұлы токқа түсіп қайтыс болған Орал тұрғыны әділдік іздейді

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2022
  • 1384

Жалғыз ұлынан қапыда айрылып қалған Орал қаласының тұрғыны Любовь Маньшина құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып жүр. Айтуынша, баласының өмірін жалмаған қайғылы оқиға тиісті деңгейде тергелмей отыр. Ұлы үзілген желіні жалғауға барып, кенеттен токқа түскен. 10 күннен кейін, жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Қайғы жұтқан ана 20 жыл бойы энергетик болып жұмыс істеген баласының салғырттық танытуы мүмкін еместігін айтады. Жауаптылардың жауапсыздығынан болды дейді. Енді олар жауапкершіліктен жалтару үшін бәрін жасырып жатқанын жетізді.

Любовь МАНЬШИНА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Аға маманның өзі желіні шатастырып, токты абайсызда қосқанын айтты. Бірақ мекеме өкілдері өзін-өзі ақтап жатыр. Күдікті болғанымен, диспетчердің аты-жөні еш жерде көрсетілмеген. Өйткені трансформаторды өшіріп-қосатын диспетчердің бұл жағдайға тікелей қатысы бар ғой.

Әділдік іздеген ананың айтуынша, жұмыс берушінің нақты қандай кінәсі бары көрсетілмеген және ешкім жауапқа тартылмапты. Ал кәсіпорын өкілдері қайғылы оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сергей ДОЛЯ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Саша шынымен де техникалық қауіпсіздік ережесін ескермеді. Ол жұмысқа кірісерде желіде ток бар-жоғын анықтап, қауіпсіз екеніне көз жеткізген іске кірісуі керек еді. Бұл жерде ол мұны ескермеді. Әрине, ұлынан айрылған ананың қайғысын түсінеміз. Бірақ комиссия сондай шешім шығарды.

Е. Карин