Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2022
  • 989

Ақмола облысы Жақсы ауданында көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғындар ұзақ күткен баспанасының кілтін алып, қуануда. 18 пәтерлі тұрғын үйдің жалпы аумағы - 800 шаршы метр. Үй алдына балаларға арналған ойын алаңы бар. Замануи үлгідегі баспана өте сапалы салынған. Қоныс тойға тілшіміз Бекболат Сатуов та қатысты.

Құралай Көшеғұлова - жалғызбасты ана. 10 жылдан бері көшіп-қонып, пәтер жалдаумен жүрген. 2017 жылы тұрғын үй кезегіне тұрған. Арманы орындалып, екі бөлмелі пәтер кілтін алды.

Құралай КӨШЕҒҰЛОВА, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА:

Бүгін қызымыз екеуміз өте бақыттымыз. Өйткені өзіміздің үйімізге қол жеткіздік. Ең алдымен біз мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына алғысымызды білдіреміз. Біз үй алу үшін 5 жыл уй кезегІнде тұрдық. Міне енді сол арманымыз орындалды. Қуаныштымыз.

Салтанатты шараға келген тұрғындарға пәтер кілтін аудан әкімінің өзі табыстады. Ән айтылып, тілек-ниет білдірілді. Қоныс тойға келген көпшілік, қуанышты күнді бірге атап өтті. Айта кетейік, 18 пәтерлі тұрғын үй кешені "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бой көтерген. Пәтерлер ауданда уй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Олар-асыраушысынан айырылған азаматтар мен көпбалалы отбасылар және жалғызбасты аналар.

Алмагүл ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Үйлер мемлекеттік бағдарлама негізінде салынды. Бүгін 18 үйдің кілтін табыстадық. Ауданымызда бүгінде 200 адам үй кезегінде тұр. Біз мұндай жұмыстарды әлі де жалғастыра беретін боламыз. Келесі жылы тағыда үй кезегіндегі азаматтарды үймен қамтитын боламыз.

Биыл ауданда тағы бір көппәтерлі нысанның құрылысы басталған. Ол келер жылы пайдалануға беріледі дейді жауаптылар. Соның негізінде тағы 27 отбасы үйлі болмақ.

Б. Сатуов