Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы қыздар мектеп-лицей интернатына Шәмшә Беркімбаеваның есімі берілді

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2022
  • 1671

Алматыдағы қыздар мектеп-лицей интернатына педагог-ғалым Шәмшә Беркімбаеваның аты берілді. Ұлағатты ұстаз көзі тірі болса бүгін 80 жасқа толар еді. Еңбек жолын қарапайым ауыл мұғалімінен бастаған ол Білім жəне ғылым министрі лауазымына дейін көтерілген. Дәл осы білім ордасына Шəмшə Беркімбаеваның атын беру тегін емес. Себебі, ол лицей қалыптасуына, мұнда дарынды жас өрендердің білім алуына сүбелі үлес қосты. Лицей үмітті ақтап, елдегі үздік 100 олимпиадалық мектептің құрамына енді.

Дархан ӨТЕ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Шәмшә Көпбайқызы өзінің адал, ерең еңбегімен танымал кісі. Жалпы, осы тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы жылдары қазақ-түрік лицейлерінің ашылуына Шәмшә Көпбайқызы тікелей мұрындық болған. Сол лицейлердің бірі осы Алматыда. Сондықтан біз Шәмшә апайымыздың атын беруді жөн көрдік.

М. Жақан