Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал тұрғыны ойыншық қарумен ойнаймын деп істі болды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2022
  • 1130

Оралдық тұрғын қаладағы түнгі клубтардың біріне қару алып келген. Қолындағы қаруымен ортаға шығып, би билеп, жұрттың назарын өзіне аударуға тырысқан. Ал оның бұл әрекетін достары әлеуметтік желіде жариялады. Айналасын үркіткен күдіктіні тәртіп сақшылары іздеп тауып, тексерген кезде суық қарудың муляж екені анықталды. Бірақ қоғамдық орындарда мұндай затты ұстауға болмайды, дейді полицейлер. Өйткені суық қарудың муляжымен дүкен мен ақша айырбастау пунктін тонау оқиғалары бұған дейін кездескен. Енді ойыншық алтыатар асынған оралдық заң алдында жауап береді. Қылмыстық кодексте мұндай әрекет үшін екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Лунара АМАНҒАЛИЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Кейін тексеру барысында аталған қарудың атыс қаруы емес, муляж екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес тиісті сараптамалар тағайындалды.

Е. Карин