Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 168 адам астан ұшынып, ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2022
  • 1081

Түркістан облысында 168 адам астан ұшынды. Соның 98-і ауруханада жатыр. Арасында жүкті әйелдер мен балалар бар. Олар Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен тапсырыспен суши, пицца, фри және чикен алып жеген. Бұл тағамдардан зертханалық сынамалар алынды. Инфекцияның нақты неден тарағаны әзірге белгісіз. Қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тексеру барысында, кәсіпкердің санитарлық құжаттары мен аспаздардың медициналық тексеруден өткені туралы анықтамасы жоқ екені анықталды.

А. Төребекқызы