Мемлекет
басшысы Алматыдағы резиденциясында Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу
барысында мегаполис әкімі Елбасыға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму
қарқынын баяндады. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен алдағы
жоспарлары туралы есеп берді.
Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын
арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін
құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды мерзімінде тапсыруды
бұйырды. Президент тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесінің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, келер жылы өтетін екі ірі оқиғаға жіті дайындалуды тапсырды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Алматы
- еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның
дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы
мерекеленеді, келесі жылы қысқы Универсиада-2017 өткізіледі. Бұлар - ірі
мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан жұмыс атқару қажет.
Сондай-ақ қаланың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен
кездесуде мен бірқатар тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын
бақылау қажет.
Берік ХАСЕНОВ