Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Жолдау – саяси күн тәртібін қалыптастыру құралы» атты конференция өтті

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2022
  • 1524

Астанада «Жолдау-саяси күн тәртібін қалыптастыру құралы» атты конференция өтті. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне жиналған зиялы қауым өкілдері, заңгерлер мен белсенділер президент Жолдауындағы бастамаларды талқылап, пікір білдірді. Оны халыққа түсіндірудің маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы әрбір мәселе-өзекті. Сондықтан оны жүзеге асыруға жұмыла атсалысу қажет дейді депутат Ләззат Разбекова.

Ләззат РАЗБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Енді осы президенттің айтқан тапсырмасын халыққа, көпшілікке бүкпесіз дұрыс жеткізе білу, оның артында үлкен жұмыс тұр. Зейнетақы жасының төмендеуі бұл деген көптеген әйелдердің күткен, мазалап жүрген мәселелерінің бірі.Сондықтанда бұл жерде ең бастысы халыққа дұрыс түсіндіру қажет.

Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Ирак Елекеев те Жолдаудағы бастамалар өте орынды деп санайды. Қоғамдағы маңызды мәселелер қолға алынып отырғанын айтады.

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЗАҢГЕРІ:

18 жасар балдарға айына төленетін сол жер қойнауындағы байлық төленетін шешіліп отыр. Бұл бастама, егерде болашақта экономика көтерілетін болса. Бұл өте көлемді. Ол міндетті түрде 18-жылдың ішінен кейін өзінің үйің, пәтерің сатып алыға мүмкіншілік болады және оқуына төлеуіне мүмкіншілік болады.

Жиынға қатысқандар Президент Жолдауын даңғыл жолға балады. Жарқын болашақ үшін істелетін жұмыстардың нәтижелі болатынына сенеді. Жүйелі реформалар -ел өркендеуінің негізі дейді. Жалпы халықтық референдумның өзі әділетті қоғам құрудағы айрықша бастау болды деп атап өтті,-жиналғандар.

Б. Сатуов