Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай мен газ саласының мәселелері партия бақылауында болады

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2022
  • 1998

Мұнай мен газ саласының өзекті мәселелері партия бақылауында болады. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы Мұнай-газ саласы комитетінің отырысында айтылды. Алғашқы отырыста энергетика саласының даму перспективалары мен проблемалық мәселелері талқыланды.

Ғалым ӘМІРЕЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің жергілікті тауар өндірушілер бізде мұнай саласына қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын өзіміздің елде кәсіпорындар бар ғой. Солардың да мәселесі бар. Мысалы, үлкен 3 жоба іске асырып жатырмыз мұнай-газ саласында. Сонда біздің жергілікті компаниялар өзінің жұмыс жағынан да құрал жабдық беру жағынан да, өзінің үлесін алмай жататын мәселелер болады. Ол жөнінде де соңғы 20 жыл айтып келе жатырмыз. Бірақ түйткілді, мәселе шешімін тапқан жоқ.

Жиынға кәсіпкерлер де қатысты. Олар мәселелерді комитетпен бірлесіп шешеміз деген үмітте. Комитет құрамында депутаттар, мемлекеттік органдар, сондай-ақ, мұнай-газ кәсіпорындарының өкілдері бар. Комитет заңнамалық базаны жетілдіру және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс істейтін болады

Ә. Дүкембаева