Ақтөбеде лаңкестерді жасырған
адам ұсталды. Енді ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін облыстық соттың
баспасөз қызметі хабарлады. 22 жастағы
жігіт террорлық әрекет жасаған 3 қылмыскерді жасырғаны үшін айыпталып отыр.
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысының
міндетін атқарушы:
Үстіміздегі жылы шілденің 21
күні Ақтөбе қаласының №2 сотының
қаулысымен Ердауовты 2 айға қамауға алуға қатысты санкция қанағаттандырылды.
«Қылмысты жасырды» деген
күдікпен ұсталған азаматқа 13 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, не қоғамдық
жұмыстарға тартылуы мүмкін. Бұған дейін қылмысты хабарламады деген күдікпен 3
адам ұсталған болатын. Ақтөбеде 5 маусым күнгі теракт кезінде радикалды топ
өкілдері қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын.
Заңғар САНАЙ