Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауда және интеграция министрлігі мен отандық қант өндірушілер бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2022
  • 1813

Енді қант тапшылығы болмайды. Сауда және интеграция министрлігі мен отандық қант өндірушілер бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат елдегі құмшекерге деген сұранысты толық қамтамасыз етіп, бағаны ұстап тұрады. Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, қанттың келісі 500 теңгеден аспайды.

Ержан ҚАЗАНБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ САУДА КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Келесі жылдан бастап біз қызылшадан жасалған қантты дамытамыз. 27-28 жылға қарай осы алып келген сахар средствоны біз азайтамыз. Өйткені осы өз өндірісімізден шығатын қызылшадан қант көбейе бастайды. Енді 28 жылға таман 43 процентке дейін өседі. Жалпы қанттың бағасы 500-550 теңге болады.

А. Задабек