Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда алтынмен апталған домбыра бар

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2022
  • 913

Түркістанда алтынмен апталып, күміспен қапталған домбыра бар. «Ұлы дала елі» орталығына қойылған аспаптың салмағы 4 келіге жуықтайды. Орталық қызметкерінің айтуынша, домбыра ағаштан жасалған. Үстінен күміспен қапталып, алтын жалатылған. Ал беті алмас тастармен көмкеріліпті. Отандық зергерлер ұзындығы 98 см, ені 24 см болатын ұлттық аспаптың бірегей түрін әрлеуге 4,5 келі күміс, 300 гр алтын, 15 дана бриллиант, 300 гр мыс пен ағашты пайдаланыпты. Домбыраның сыртқы қорабы да осал емес. Айта кетейік, «Алтын домбыраны» түркістандық айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков 2021 жылы республикалық ақындар айтысында жеңіп алған. Ақын оны орталықа табыстады. Тәулік бойы бақылауда тұрған жәдігер енді келесі жеңімпаз анықталғанға дейін осында тұрады деді. Бүгінде алтын домбыраны көруге ынтыққандар көп екен.

А. Төребекқызы