Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2022
  • 1622

Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Беларусь Президенті саммитке шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтып, Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңесті одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екенін атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық өзара іс-әрекет пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Үкімет мүшелеріне сауда-саттықты, инвестициялық ынтымақтастықты арттырып, жобаларды ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет деп үнемі айтып отырамын. Қолда бар әлеуетті пайдалану қажет. Менің тарапымнан тиімді көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық шаралар қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, Әзербайжанның, Палестинаның президенттерімен де кездесу өткізді. Елдер арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты. Одан кейін Мемлекет басшысы Қытайдың, Вьетнамның вице-президенттері және Пәкістанның премьер-министрімен кездесіп, сауда-экономикалық, мәдени -гуманитарлық байланыстарды дамыту жайын талқылады.

А. Базарбай