Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында жыл басталғалы 114 нәресте өлімі тіркелген

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2022
  • 1352

Атырау облысында бір күнде екі жүкті келіншек көз жұмды. 33 және 34 жастағы әйелдер - Мақат ауданының тұрғындары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше әйелдердің бірі жүктіліктің 17-інші аптасында қайтыс болды. Оған жүктіліктен бұрын мида киста бар деген диагнозы қойылған. Аяғы ауырлаған соң бас ауруына шағым айтып, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған. Ем шаралар кезінде жағдайы күрт нашарлапты. Ал екінші келіншек аудандық ауруханаға "пневмония» диагнозымен, өте ауыр жағдайда түсті деп отыр. Келіншек жүктілікті 32-інші аптасында көз жұмған. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 5 ана, 114 нәресте өлімі тіркелді.

Асхан БАЙДУӘЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ол жерде қазір комиссия жұмыстанып жатыр. Оны ерте қазір айтуға: қай себептен, қай вирустан қайтыс болғанына. Біз вирусологиялық анализдерін толықтай алдық. Патологиялық бюроға тапсырдық. Қазір мамандар жұмыстанып жатыр.

Б. Надірқызы