Әлемде педагог мәртебесі төмендеп барады. Жастар мұғалім болғысы келмейді. Орталық Азия және Шығыс Еуропадан келген кәсіподақ қызметкерлері Астанада бас қосып, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.Шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жиынның нәтижесі жаман емес дейді жауаптылар. Түйткілді проблемалар нақтыланып, салалық білімнің кейбір мәселелері оңтайлы шешімін тапқан
Айгүл МҰҚАШОВА, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПТІК ОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
Ұстаздарды біз қалай қорғай аламыз? Қазіргі жағдайда мынау ұстаз мәртебесі басқа елдерде төмендеп бара жатыр. Сол енді мәртебесін қалай көтеруге болады? Мысалы Европа елдерін алатын болсақ, ол жақта қазір ұстаздың жұмысына қызығушылық өте төмен. Олардың елінде қандай мәселелер бар осы педагогтарға қатысты. Соның бәрін біздер бірге талқылап, ортақ шешім қабылдаймыз деп ойлаймын.
А. Задабек