Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде қан ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары шу көтерді

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2022
  • 2273

Ақтөбеде қан ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары шу көтерді. Олар бір жыл бұрын ашылуы тиіс болған, көпсалалы орталықтың неге ашылмай жатқанын түсіне алар емес. Айта кетейік, аймақта онкологиялық дертке шалдыққан 500-ден астам бала бар.

Орталықтың құрлысы өткен жылы аяқталған. Ал биыл заманауи жабдықпен толық қамтылды. Жеке инвестор 4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсап, жұмыстарды аяқтаған. Бірақ аурухана әлі күнге дейін ашылмай жатыр. Науқас балалардың ата-аналары ем алу үшін жылына бірнеше рет Астана мен Алматыға қатынауға мәжбүр.

Жазира БҰРХАНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Самолетпен барамыз. Біреудің қалтасы көтереді, біреудікі көтермейді. Біреудің баласы екі аяқпен жүреді, біреудің баласы тіпті жүруге мұршасы жоқ. Поезбен бізге қауіпті.

Облыстық балалар ауруханасында, қан ауруына шалдыққандарға тек 8 кереует бар. Ол жерде балаларға жағдай жасалмаған.

Ұлболсын АРЫНҒАЗИНА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Августе ашылу керек еді. Ашылмады. Сентябрь деп белгісіз. Ашып берсе деген үміттеміз.

Қазір аймақта онкологиялық дертке шалдыққан 500-ден астам бала бар. Сондықтан жаңа орталық оларға аса қажет екенін жергілікті шенділер жақсы біледі.

Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір юридический, қаржылық құжаттарын дайындап жатыр. Желтоқсан айында қаражатты алса, Біздің жоспарымыз бойынша 2023 жылдың қаңтар айында бұл аурухана іске қосылады.

Ал жүз орынға арналған жаңа орталық іске қосылса, онда арнайы онкогемотологиялық бөлім болады. Онда қырыққа жуық науқас бала ем ала алады.

Б. Рахметова