Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында цифрландыру Комитетінің отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2022
  • 1260

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Цифрландыру комитетінің отырысы өтті. Онда армияда телекоммуникациялық желіні құру жайы сөз болды. Қорғаныс министрлігі қазақ армиясын цифрландыру маңызды іс екенін айтты. Осы мақсатта әскери бөлімдерге компьютерлік және серверлік жабдықтарды көптеп сатып алу көзделген. Жиында одан бөлек цифрлық трансформация бойынша өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды. Министрлік өкілі бұл шара маңызды үш кезеңнен тұратынын айтты. Олар:жинақтау, жауынгерлік дайындық және басқару процестері.

Дархан АХМЕДИЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз үш блокты цифрландыруды жоспарлап отырмыз. Біріншісі-бұл инфрақұрылым. Біз барлық әскери бөлімдерді жамдықтармен қамтып, оларды бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Яғни, барлық бөлімшелер арасындағы интеграцияны қолдауымыз қажет. Ол үшін телекоммуникациялық желіні құру керек. Күн сайын жұмыс тобы жиналып, осы желіні қалай құруға болатынын ақылдасудамыз.

А. Задабек