Русский Сайттың толық нұсқасы

Республика күніне арналған "Қыран елім – Қазақстаным!" атты патриоттық челлендж басталды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2022
  • 4170

Бүгін Елорданың мемлекеттік рәміздер алаңында "Қыран елім – Қазақстаным!" атты патриоттық акция өтті. Серік Сапиев бастаған жас спортшылар "Қазақстан республикам менің" атты өлең шумақтарын оқып, Атырау қаласының белсенділеріне челлендж жолдады.

"Қыран елім – Қазақстаным!" патриоттық акциясын қолдау мақсатында алаңға жиналған жастар арнайы бейнеролик түсірді. Челлленджге қатысушылар өз видеоларын #РеспубликаКүні хэштегімен әлеуметтік желіде жариялайды.

Серік СӘПИЕВ, ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

25 қазан күні- ұлттық мереке Республика күні деп белгіленді. "Қыран елім – Қазақстаным!" патриоттық акциясы бұл мереке күніне орай ұйымдастырып отырмыз. Атырау спортшыларына жолдап отырмыз. Бұл акция спортты дамыту үшін, бұқаралық спортты дамыту үшін ұйымдастырылып отыр.

Челлендж Атырау қаласынан әрі қарай келесі өңірге жолданып, бүкіл еліміздің спортшылары мен спортсүйер қауымды қамтымақ. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған шара, қазан айының соңына дейін жалғасады.

Еркеғали КӘРІБОЗОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Астана қаласының спортшылары Атырау қаласының спортшыларына жолдап отыр. Мұндағы мақсат - Республика күніне байланысты қазақ спортшыларының бір-біріне деген патриоттық қолдау акциясы, адамның патриоттық сезімін ояту, спортшылардың бір-біріне деген байланысын, бір-біріне деген татулығын, бір-біріне деген қазіргі заманауи тілмен айтқанда бір толқында екенін көрсетеді.

Бейнероликтер патриоттық сезімді оятып, халықтың бірлігін нығайтуға арналған. Бұл Республика күніне құрмет көрсетудің бір көрінісі дейді ұйымдастырушылар. Шараға кез-келген адам үн қоса алады.

А. Базарбай