Русский Сайттың толық нұсқасы

Рухани келісім күніне биыл 30 жыл

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2022
  • 1763

Рухани келісім күніне биыл 30 жыл. Соған орай елордада «Рухани келісім – татулықтың негізі» тақырыбымен дәстүрлі жиын өтті. Пленарлық отырысқа қатысқан отандық және халықаралық сарапшылар қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін талқылады. Сондай-ақ, елімізде және әлемде дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудің азаматтық қоғамдағы рөлін айтты.

Осыдан 30 жыл бұрын Алматыда рухани келісімнің Бүкіләлемдік Бірінші Конгресі өткен еді. Сол уақыттан бері бұл жиын дәстүрге айналған. Көпұлтты мемлекетіміз үшін тұтастық, бірлік, бейбітшілік аса маңызды. Рухани келісім күнін атап өтудегі мақсат та – осы. Қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов аталмыш күннің тарихына тоқталып, отандастарымызды құттықтады.

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, «БЕЙБІТШІЛІККЕ МӘДЕНИЕТ АРҚЫЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ең бірінші мақсаты – біздің елімізде рухани келісім мен бейбітшілік болса екен. Өйткені, одан артық байлық жоқ. Сондықтан осы іргемізді қалаған, сәтті идеялардың бірі – осы Рухани келісім күні.

Шараға 11 елден келген сарапшылар, отандық дінтанушылар мен майталмандар қатысы. Тұщымды ойларымен бөлісіп, маңызды мәселелерді көтерді.

Сергей КАРАМЫШЕВ, ОРЫС ПРАВОСЛАВ ШІРКЕУІНІҢ ӨКІЛІ:

Рухани келісім күнінің Еуразия кеңістігінде аталып өтілетіні мені қуантады.

Елордада 14 конфессиялардан құралған 54 діни бірлестік бар. Осындай этностар арасындағы достық, келісім, серіктестік қағидаларын көпке насихаттау, бір шаңырақ астында тату тұру – Рухани келісім күнінің тереңнен қалыптасқанының белгісі.

А. Серік