Русский Сайттың толық нұсқасы

KASE-де юань саудасы артып келеді

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2022
  • 1278

ЖАҢА ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУЫ МҮМКІН

Екібастұзда көмірден қуат өндіретін жаңа электр станциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы «Самұрық Қазына» төрағасы мәлімдеді. Ол: "Атом электр станциясына қатысты нақты шешім жоқ. Үкімет қай елдің технологиясына тоқтайтынын әлі білмей отыр" деді. Сондықтан, жаңа нысан салу жоспарланып жатқанын хабарлады.

Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Атом электр станциясын салу жұмысының ұзаққа созылатынын ескере отырып, жақын арада көмір өндіретін жаңа қондырғыларды салу қажет болады. Екібастұзда қуаты шамамен 1 200 МВт болатын жаңа ГРЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Жалпы, елдегі электр энергия нысандарының дені тозған. Станциялар мен желілердің 60 пайыздан астамы ескі. Бұл энергия қауіпсіздігіне үлкен қауіп. Осы бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынады. Электр энергиясын көп қолданатындарға тариф саясатын өзгерту қарастырылып жатыр. Сондықтан да енді қуат көзін шектен тыс пайдаланатындарға баға да тиісінше қымбат болуы мүмкін. Энергетика министрі Болат Ақшолақов тариф бағасы көтерілетінін жоққа шығармайды.

ҚАЗАҚСТАН ҚАЙ ЕЛДЕРГЕ ҚАРЫЗ?

Қазақстанның Ресейге қарызы 88 пайызға артқан. Бұл туралы LS порталы хабарлайды. Агенттіктің дерегінше, қарыздың ең көп көлемі әлі де Нидерландыға тиесілі, Қазақстанның бұл елге берешегі - 41,4 млрд доллар. Бір жылда ол 7,4% - ға қысқарды. Берешек көлемі бойынша екінші орынды Ресей иеленді-18,3 млрд доллар. Көрсеткіш 88 процентке артқан. Үштікті Ұлыбритания түйіндейді. Қарыз көлемі 16,9 млрд доллар. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар алдындағы сыртқы қарыз 7% – ға, дейін өссе, Қытайға берешегіміз 2 процентке артқан. Айта кетейік, Қазақстанның ең аз берешегі Вьетнамға, Кенияға, Ливияға, Пәкістанға және Ауғанстанға тиесілі.

KASE-ДЕ ЮАНЬ САУДАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазақстандағы қор биржасының дерегінше, Ресейде юань саудасының өсуінен кейін, бізде де рубль мен юаньмен сауда көлемі артып келеді. "Биыл Ресейге салынған санкциялық режимге байланысты басқа валюталармен есеп айырысуға көшу қарқын алғанын көріп отырмыз. Елдер арасында сауда айналымында рубльмен бірге июаньнің де қолдану аясы артып келеді", дейді арнайы пресс конференцияда Қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген.

ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ҚАРҚЫНЫ ҚАТТЫ

Қыркүйек айында инфляция, соңғы 5 жылдағы орташа деңгейден 5 есе жоғары болды. Бұл - Ұлттық банктің дерегі. Күздің алғашқы айында, инфляция 1,8 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдарға қарағанда 0,3 пайызға көп. Былай қарағанда аз болып көрінуі мүмкін, бірақ соның өзі тауарлар мен қызметтің айтарлықтай қымбаттауға негіз болды. Мәселен Азық-түлік бағасының жылдық өсу қарқыны қыркүйекте 22,2 пайызға дейін өссе, Маңғыстауда 29,7 пайызға жеткен. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың да бағасы 17 пайызға қымбаттаған. Астанада бұл көрскеткіш ең жоғары – 26,3%-ға дейін өскен. Қыркүйек айында ақылы қызметтердің жылдық бағасы 12,3%-ға өсіпті.

Б. Сатуов