Үкімет 2023 жылғы бюджеттегі мұнай және доллар бағасын белгіледі. Заң жобасы бүгін сенат отырысында қаралды. Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды. Жиында сөз алған ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2023 жылғы бюджетті қалыптастыру кезінде Үкімет мұнайдың есептік бағасы мен доллардың теңгеге қатысты есептік бағамын қай деңгейде белгілеп отырғанын айтты.
Азамат ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ- МИНИСТРІ:
Келер жылдағы бюджет болжамында мұнайға қатысты есепті баға барреліне 85 АҚШ доллары. 1 доллар үшін бағам 470 теңге шамасында белгіленген. Осы есептеулер аясында республикалық бюджеттің кірісі 16 трлн теңге деңгейінде қалыптасады.
Б. Сатуов