Русский Сайттың толық нұсқасы

Қантты алыпсатарлар қолдан өсірген болуы мүмкін - ҰЭМ

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2016
  • 2888

Қант бағасы 25 пайызға қымбаттаған. Өнім құнын алыпсатарлар қолдан өсірген болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі өкілдері мәлімдеді. Бағаны негізсіз көтергендерге қатысты айыппұл салынбақ. Қазір тексерістер басталып та кеткен.

Әсемгүл Нұрмағамбетова, ҚР ҰЭМ АӨК тексеру басқармасының басшысы:

Тексеріс Қарағанды облысындағы және Батыс Қазақстан облыстарындағы орта және шағын көтерме нарық өкілдеріне қатысты басталған. Егер де алып-сатарлық әрекеттің қолдан бағаны көтерлігені анықталатын болса, антимонополиялық заңға сәйкес жаза қолданылады.

Бұған дейін кейбір аймақтарда қанттың келісі 300-ден 500 теңгеге дейін көтерілді. Тіпті қант тапшылығы да сезілді. Сондықтан кейбір дүкендерде мөлшерлеп сатылды. Десек те, қант үшін қарбалас сақталып отыр. Мынау Көкшетау қаласындағы жағдай. Халық 25 келілік қаптарды таласып алып жатыр.

Қазір қанттың бір келісі 250 теңгемен 310 теңгенің аралығында. Мысалы, Ақтөбе де қанттың құны 251-260 теңге, Шымкентте шекердің бір келісі 254-266 теңге көлемінде. Ал Өскеменде шақпақ қанттың әр келісі үшін қалтаңыздан 280 теңге шығаруға тура келеді. Еліміз бойынша ең қымбат қант Павлодар қаласында. Керекуде шекердің әр келісі 310 теңге. 

Берік ХАСЕНОВ