Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда белгісіз біреу үй иесін қылғындырып өлтіріп, тонап кеткен

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2022
  • 3206

Атырауда ұры үй иесін қылғындырып өлтіріп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Қанды қол қылмыскердің бейнесі үй сыртындағы бақылау камерасына түсіп қалған. Ол таңғы сағат 7:30 да үйге кірген. Ал немересін сабаққа шығарып салған 59 жастағы әйел оның үстінен түскен. Сол сәтте шарфпен қылғындырып өлтірген. Камерадағы жазбаға қарағанда, күдікті жарты сағаттан соң ғана сыртқа шыққан. Қаралы отбасы аналарының ұры қолынан қаза тапқанын кейінірек білген. Полицияға қызы хабар беріпті. Аядай ауылдағы бұл жағдай тұрғындарды дүр сілкіндірді.

Қазір полицейлер аяқтан тік тұрып, қылмыскерді іздеп жатыр. Оқиға орнынан күдіктінің саусақ, аяқ киім іздері алынып, сол маңдағы өзге де бейнекамералар тексерілуде. Алайда әлі табылған жоқ.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

1963 жылғы туылған әйел адамның өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған фактіге байланысты тергеу барысында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Және де күдіктіні іздеу жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды. Күдіктінің түр-типаты, киген киіміне байланысты бағыт-бағдарлар берілді.

Б. Нәдірқызы