Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал кәсіпкер даулы мәлімдемесінен кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2022
  • 1306

Танымал кәсіпкер Рамиль Мухоряпов өзінің инстаграмм парақшасы арқылы қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол ресейліктермен кездесуде шетелдіктерге қазақ тілінде жауап беру - «мәдениеттің көрінісі емес» деген еді. Дөрекі сөйлегенін түсінген ол бүгін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бейнежазбаны қайта-қайта қарап шыққанын айтқан.

Рамиль МУХОРЯПОВ, КӘСІПКЕР:

Ешкімді ренжітейін деген ниетім болған жоқ. Дұрыс айтасыз. Қазіргі кезде Сіздерді өте мұқият тыңдау керек. Аздап түсінемін. Бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Ал енді сөйлеуге, үйренуге тырысамын. Достар тағы бір рет кешірім сұраймын.

Т. Әлжанов