Русский Сайттың толық нұсқасы

«Рухтастар Cases» диалог алаңына 2000-нан астам жас қазақстандық қатысты

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2022
  • 1418

Елордадағы «Рухтастар Cases» диалог алаңында отансүйгіштік, білім мен еңбекқорлық жайы талқыланды. Пікір алмасуды «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері ұйымдастырды. Олар жастар қозғалысының өкілдерімен қоса білімі толысқан тұлғаларды да шақырды. Келелі кездесу туралы Мерей Қалиасқардың материалында.

«Рухтастар Cases» диалог алаңы қазірдің өзінде жастардың аға тәлімгерлермен дәстүрлі кездесуіне айналды. Бұл жолы елордада ғана емес, еліміздің барлық 20 өңірінде бір мезгілде ұйымдастырылды.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсаты әрине жастарымызға кейбір оқу орындарының қабырғаларында бермейтін білімді, жеке кездесулер арқылы азаматтардың кейбір өмірлік жолдарында болған кемшілік тұстары арқылы жеткізіп, сол азаматтардың сол жолда тасқа сүрінбей өтуіне септігін тигізу.

Диалогтың негізгі тақырыбы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ әрбір азаматтың білімге, еңбекке ұмтылысы мен мүмкіндіктері болды. Әр қатысушы көкейдегі сан сұраққа жауап тапты.

Аят ТӨЛЕУБЕК, СТУДЕНТ:

Өзім үшін бір күшті мотивация алдым. Жұмыс жасауға міндетті түрде оқуға мотивация алу керек бізге. Себебі еліміздің болашағы біз жастарымыз. Сол үшін міндетті түрде оқып, жұмыс жасау керек.

Спикерлер ретінде Қазақстандағы "Синергия" университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев және ел Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлейменов сөз сөйледі.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кездесу ресми форматта емес, өте ашық диалог ретінде өтіп жатқаны қатты қуантады. Біздің бүгін беріп жатқан тәжірибеміз, кішкентай біліміміз оларға пайдасын тигізіп ең бастысы қазір жастардың іздейтіні мотивация іздеп жатады. Сол жақсы бір ынта беріп, алға қарай жетелейді деп сенемін.

"Жастар Рухы" жастар қанаты атап өткендей, елордада 300-ге жуық белсенді және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2000-нан астам жастар тартылды.

Қ. Мерей